Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппинде қандықол қылмыскер президентпен байланысы барын мойындады

Филлиппиндік қылмыскер ел президенті Родриго Дутертемен байланысы бар екендігін мәлімдеді, деп жазады BBC агенттігі.

detail_252b65d3e0633ee9f6adabcb24347e42

Оның айтуынша, Дутерте Давао қаласының мэрі болған кезде оған соттың шешімінсіз қылмыскерлер мен өзінің оппоненттерін өлтіруге тапсырма берген, деп хабарлайды BNews.kz.

Сенатта өткен тыңдау кезінде қылмыскер Эдгар Матобато ел президентінің  өзіне және басқа да жан алғыштарға да арнайы тапсырма бергендігін айтты. Сонымен, президенттің арнайы бұйрығымен 1 мыңнан астам адам өлтірілген.

Осыған дейін президент Родриго Дутерте бұл қылмыстарға өзінің қатысы жоқтығын айтқан.

Айта кетейік, Филиппиннің жаңа президенті 30 маусым күні заңды түрде сайланған. Родриго Дутертенің сайлау кезіндегі бағдарламасы елдегі есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған.

Ол осы мақсатқа жету үшін кез келген қадамға баратынын мәлімдеді. Дутерте ел басқарған 2 ай ішінде 2 мыңнан астам нашақор мен есірткі саудасына қатысы бар азаматтарды өлтірген.

Мемлекет басшысының бұл әрекеті оппозиция тарапынан қатаң сынға алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде тергеу жұмыстарын жүргізгісі келмеген полицейлер қылмысты жасырып қалған

БҚО-да түрме қызметкері сотталушылардың қашып кетуіне жол берген

Түрмеден қашқан тұтқын қыз іздеудегі суретін ауыстыруды өтінген

Қылмыскерлер күзетшіні өлімнен құтқару үшін түрмеден қашты (видео)

 

Талқылау