Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппинде алып жүндес тіршілік иесі табылды (фото, видео)

Филиппиндегі Динагат провинциясы аумағындағы арал жағалауынан теңізді мекендейтін алып тіршілік иесі табылды.

56565

Фото: Mio Lungsod Nan Cagdianao/Facebook

Бұл туралы nat-geo.ru хабарлайды.

Аппақ “жүні” бар тіршілік иесін ғалымдардың өзі ешбір теңіз жануарына ұқсата алмаған.

898988

Ғалымдар жұмбақ болып келген теңіз жануары жайында қаңқу әңгімелерді теріске шығарды. Олар терінің шамамен екі апта бұрын кеме астында мерт болған киттікі болуы мүмкін деп болжады. Ал жанындағы түктерді киттің бұлшықет талшықтары деп санайды.

Оның салмағы 2000 келі, ұзындығы 6 метр болыпты. Ал жануардың тұрқы тіпті ебедейсіз.

Әдетте теңізде өлген жануарлар жағаға шығып қалмайды. Бірақ, жақында болған жер сілкінісі әдеттегі теңіз қозғалысын өзгертіп жіберген секілді.

565656

 

Сондай-ақ, мамандар мұндай ірі теңіз жануарының әлемде бірінші рет кездесіп тұрмағанын да айтуда. Мысалы, 2013 жылы салмағы 13 тонна болатын тіршілік иесі Чилиде теңіз жағасына шығып қалған еді.

Оқи отырыңыз:

Бай араб туристері аң-құсты аяусыз қырып жергілікті халықты шошытты (фото, видео)

Өлім оқиғасы болардан бірнеше секунд бұрын ғана түсірілген суреттер (фото)

Модель керемет жерлерде жануарлармен бірге сексуалды суретке түсіп жүр (фото)

ДАИШ-тың 100 содырын өлтірген студент қыздың басы үшін 1 млн доллар тағайындалды (фото)

Талқылау