Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

150 жастағы әже секілді қартайып кеткен 19 жастағы қыз көз жұмды (фото)

Азияның ең егде әйелі атанған қыз 19 жасында көз жұмды. Оның денесі өзгелермен салыстырғанда 10 есеге ерте қартайып кеткен. Филиппиндік Ана Рошель Пондаре өткен аптада қайтыс болды.

588

Көзі тірісінде дәрігерлер оның беті мен денесіндегі әжімдерге қарап оның 136 жастағы әже секілді қартайып кеткенін айтқан.

492

Хатчинсон-Гилфорд дерті адамның қалыптан 8 есеге ерте қаратаю ауруы. Бұл дертпен ауыратындар әдетте инсульт пен талмасы ұстап көз жұмады. Қиыншылықтарына қарамастан Ана жақсы күндерді басынан өткерді. Ол 18 жасында «ханшайым кешін» ұйымдастырып, өзінің кумирі, филиппиндік әнші әрі актриса Сара Джериномен кездесті.

1206

03

«Мен он екі мүшем сау болып туылған жоқпын. Дәрігерлер менің ерте қартайып бара жатқанымды, енді 15 жылдан соң өмір сүрмейтінімді айтты», – деген науқас қыз 2011 жылы берген сұхбатында.

2160

Хирург Пьер Р. Клеро оның ұзақ өмір сүруіне арнап диеталар мен терісіне жағатын крем жасап берген.

3121

Ана мектептің тек 1-сыныбын ғана бітірген. Оған мектепке барған ұнағанымен, анасы оқуының ақшасын төлей алмай әрі қарай оқытпаған. Сондықтан Ана анасына қолғабыс етіп, көшеде киім мен жемістер сатқан.

Америкалық Progeria Research Foundation қайырымдылық қорының мәліметінше, әлемде мұндай дертпен ауыратын 80 науқас бала бар. Соның екеуі Филиппинде тұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Сәбидің денесі мен үлкен әйелдің басы біріккен нигериялық (фото)

Өз дертіне қарамастан мүгедек ұлының тілегін орындаған батыр әке (фото)

Тараздағы «магнит бала» науқастарды дертінен айықтыра бастады

Талқылау