Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппин жағалауынан капитан мумиясы бар яхта табылды

Филиппин жағалауына жақын тұстағы Тынық мұхиты айдынынан капитан мумиясы бар яхта табылды. Қайтыс болған капитанды тану барысында- оның бірер жыл бұрын жоғалып кеткен белгілі неміс саяхатшысы Манфред Фриц Байорат екені белгілі болды.

World___France_Yacht_near_the_shore_resort_of_Port_de_Frejus__France_073056_

Сурет zastavki.com

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Өлген кезде капитанның жасы 59-ға келген екен. Филиппин билігінің айтуынша, кемеде ешқандай зорлық әрекеттері болмаған. Оның өлімінің нақты себептері әлі айқындалмай отыр. Шындыққа жақын болжам- саяхатшы жүрек талмасынан қайтыс болуы мүмкін. Отырған күйі о дүниеге аттанып кеткен Байораттың жанында радиотелефон тұр. Мұхиттың суық желі мен тұзды ауа оның денесін мумия қалыпта сақтаған.

Sayo яхтасынан екі балықшы табылды. Олар Байораттың басшылығымен соңғы 20 жылда мұхит кешіп сапар жасаған. Саяхатшы Атлант және Тынық мұхитына, Кариб теңізі мен Үнді мұхиты, Жерорта, Эгей теңіздеріне саяхат жасапты. Оның жүріп өткен жолының жалпы ұзақтығы жарты миллион миль болады екен.

Қайықта соншалықты тәртіп, тазалық болмапты. Киімдер мен қалбыршалар шашылып жатыр. Капитанның қайтыс болған әйеліне жазған хаты мен отбасылық суреттері де табылған.

Талқылау