Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппин түрмесінен аса қауіпті 132 қылмыскер қашып кетті

Филиппиннің оңтүстігінде орналасқан Котабато провинциясындағы түрмеден 132 тұтқын қашып кеткен.

d6b65d7133da487261d38f41d545f4b5_crop_l_6_t_1_w_695_h_391

Фото: © AP Photo/Bullit Marquez

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Қашқындар күзетшілерге қарумен шабуыл жасаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар – радикалды ағым өкілдері болуы мүмкін. Күзетшінің айтуынша, шабуыл жасағандар оқ атқан. Соның салдарынан бір адам көз жұмып, біреуі жарақаттанған.

“Шабуылды алдын ала жақсылап жоспарлаған. Қазір қашқындарды іздеу операциясы жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді түрме өкілі.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта олардың ішінде аса қауіпті қылмыскердің бар-жоқтығы анықталып жатыр. Бұған дейін түрмеде 1511 адам қамауда болған.

Оқи отырыңыз:

Стамбұлдағы терактіні жасады делінген қырғыз жігіті бұл айыптауды жоққа шығарды (видео)

ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп Европаға кіріп кеткен

Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді

Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Талқылау