Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппин президентінің үш бірдей баласы сайлауда жеңіске жетті

Филиппин президенті Родриго Дутертенің қызы мен екі ұлы аралық сайлауда жеңіске жетіп, мемлекеттік лауазымдарға отырды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Филиппин президентінің үш баласы сайлауда жеңіске жетті

Ақпартқа сүйенсек, сайлауда көптеген бұзушылықтар болған. Бұған дейін Давао қаласының әкімі болған Сара Дуттерте қайтадан сол қаланың әкімі болып сайланды. Айта кетсек, бұл қала оның әкесі Родриго Дутертенің туған қаласы. Жақында өткен сайлауда Сара Дуттерте 580 мыңнан астам дауыс жинап, қайтадан қала әкімі болып сайланды. Ал оның жалғыз қарсыласы – небәрі төрт мыңға жуық дауыс жинаған.

Бұнымен қоймай, оның ағасы Себастьян Дуттерте қаланың вице-мэрі болды. Бұл сайлауда ол қарсылассыз жеңіске жетті. Осылайша, ол ағасы Паоло Дуттертенің орнына отырды. 

Ал, Паоло дауыс берудің қорытындысы бойынша елдің Палата өкілінің төрағасы болып сайланды. Оған 197 мың сайлаушы дауыс берді, оның ең жақын бәсекелесі бес мыңнан астам дауыс жинады.

Мәліметке сүйенсек, сайлау кезінде ел президентінің балаларынан басқа жоғары мемлекеттік басқару органдарына бірде-бір оппозициялық кандидат өтпеген екен.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр