Филиппин президенті сөз сөйлеп тұрғанда иығына үлкен тарақан өрмелеп шығып кетті (видео)

Филиппин президенті Родриго Дутерте сайлау алдындағы үгіт кезінде сөз сөйлеп тұрғанда иығына үлкендігі 10 сантиметр болатын тарақан өрмелеп шығып кетті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Республика басшысы көмекшісі келіп, иығындағы тарақанды түсіруге әрекет жасамағанда әлгі жәндікті байқамай та еді. Президенттің иығына өрмелеп бара жатқан тарақанды көрген қыз оны қағып түсіруге тырысып еді, бірақ одан ештеңе шықпады.

Содан кейін Дутерте иығындағы жәндікті байқап, оны өзі сілкіп жіберді де тақанданды басты оппозициялық партиядағы жақтастары жіберген шығар деп әзілдеді.

Осы қызықты оқиғадан кейін Дутерте тып-тыныш екі сағаттық сөзін жалғастыра кетті. 


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр