Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филипп Киркоров Дональд Трамптың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді

Киркоров пен Трамптың таныс болғандарына 20 жылдан асқан. Ресейлік әнші Трамп президент болып сайланған жағдайда, Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы жақсара түседі деп үміттенеді.

12838463

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Ресей эстрада жұлдызы Филипп Киркоров АҚШ-та республикалық партиядан үміткер болып отырған Дональд Трамптың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.

«Дональд Трамп президент болса, екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсара, нығая түсер еді. Әлемдегі екі ірі ұлт, екі алпауыт мемлекет дос болуы тиіс», – деді Киркоров Би-би-си арнасына берген сұхбатында.

Телеарнаның хабарлауынша, Трамп пен Киркоров 20 жылдан бері таныс. Тіпті, Трамп ұйымдастырған Мәскеуде өткен «Әлем аруы» байқауында Киркоров қазылар алқасының құрамында болған. Ал Трамп Кирокоровты «ресейлік Майкл Джексон» дейді екен. Киркоров болса оны “Америка президенті” деп атауға асық.

Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашада өтеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Дональд Трамптың жалаңаш мүсіні америкалықтарды күлкіге қарық қылды (фото)

Ұлыбританияда Дональд Трампқа ұқсайтын ағаш табылды

Америка актрисасы Мэрил Стрип Дональд Трамптың кейпінде шықты

Анджелина Дональд Трамптың пікіріне қарсы болып, мұсылмандарды қолдайтынын білдірді

 

Талқылау