Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ФИФА-ның жаңа басшысы тағайындалды

26 ақпан күні Цюрихтегі Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кезектен тыс конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды. Жаңа президентті сайлау үшін екі раунд жеткілікті болды.

detail_e3ea1dace1ac140342c6556609389315

Сурет Michael Probst / AP

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Дауыс беру нәтижесінде Джании Ифантино 115 дауыс жинап жеңіске жетті. Башсылыққа үміткер болған Азия конфедерациясының басшысы Салман Бен Ибрагим әл-Халиф 8, Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн – 27, ал ФИФА-ның бұрынғы орынбасары Жером Шампань 7 дауыс ғана иелене алған.

pic_8501b790688eb90bb1290a3e3cce8a07

“Құрметті достар, қазіргі кездегі сезімімді толық жеткізе алмаймын. Мен ұзақ жолды жүріп өтіп, көптеген адамдармен таныстым. Біз ФИФА-ны қайта құрып, онымен мақтанатындай жасаймыз”, – дейді Инфантино.

Әлемдік футболды бірнеше жыл билеп-төстеп келген Йозеф Блаттер де жаңа сайлау мен жаңа басшыға қатысты өз пікірін білдірді.

“Инфантино да көшбасшы боларлық барлық қасиеттер бар. Ол менің жұмысымды жалғастырып жетістіктерге жетуге тиіс. ФИФА-ны қазіргі қаржылық алауыздық мәселесінен тазалап, қайта орнына келтіреді деп үміттенемін”, – дейді Блаттер.

ФИФА-ның жаңа президенті 23 наурызда 46 жасқа толады. Түбі швейцариялық бұл азамат негізі италиялық. Мамандығы бойынша заңгер. Италиян, француз, ағылшын, испан және араб тілдерін меңгерген. Ол өзінің кәсіби жолында бірнеше мемлекеттің футбол ұйымдарының кеңесшісі болып қызмет істеген. Ол 2000 жылдан бастап УЕФА-ның заң, қаржылық бөлімдерінде жұмыс істей бастады. 2004-2007 жылдары құқықтану және лицензиялау бөлімін басқарды. 2007-2009 жылдары бас хатшының орынбасары болды.

1450115103_3

Сурет bombardir.ru

Осы уақытқа дейін ол еврокубоктың турнирлердің жеребе тастау рәсімі арқылы көпшілікке таныс болып келді. Шарлардағы жазылған командалар атауын осы Инфантини оқып беретін. Енді Инфантини футболдан әлемдік қауымдастық тізгінін өз қолына алып отыр.

Талқылау