Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Уругвайда қамауға алынды

Оңтүстік Америка Футбол конфедерациясының экс-басшысы және ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Эухенио Фигередо Уругвайда қамауға алынды. Бұл жерге ол Швейцариядан экстрадицияланған.

20151225144538

Оған «алаяқтық жасады» деген айып тағылып отыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Сонымен қатар, ол бірнеше миллион доллар пара алды деп айыпталған. Оның кінәсы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Би-би-си хабарлағандай, Уругвай астанасы Монтевидеоға барғаннан кейін 84 жастағы бұрынғы шенеунік ұсталды. Оның өзін үй қамақта ұстау туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Фигередо – 27 мамырда швейцариялық Цюрихте жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған ФИФА-ның жеті жоғары лауазымды шенеунігінің бірі.

Талқылау