Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ФИФА ӘЧ-2018 матчтарының басталатын уақытын бекітті

Турнир матчының ашылуы 14 маусымда Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де басталады. Чемпионаттың ең алғашқы ойыны 16 маусымда сағат 13:00-де өтеді. Сол күні мундиальдің ең кеш басталатын матчы өтеді (22:00).

209ece218e05892c07f8aa0d4e4874f3

Қалған күндері кездесулер сағат 15.00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта өтеді. Финал Мәскеудегі «Лужники» стадионында 15 шілдеде сағат 18:00-де басталады.

Мундиальдің финалдық бөлігінде жеребе тарту Мәскеуде 2017 жылғы 1 желтоқсанда өтпек. Футболдан әлем чемпионаты 2018 жылғы 14 маусымнан 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда: Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Қазан, Волгоград, Төменгі Новгород, Самара, Саранск, Екатеринбург, Дондағы Ростов және Сочи қалаларында ұйымдастырылады.

Талқылау