Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фермалардың бірінде туылған екі басты бұзау жұртты шошытты (видео)

Бразилиядағы Каяпония муниципалитетіндегі фермада екі басты бұзау туылды.

Фермалардың бірінде туылған екі басты бұзау жұртты шошытты (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видеода екі басты бұзау бөтелкеден сүт ішіп жатыр.

«Екі аузымен де сүт іше алады», – дейді фермадағы жұмысшылардың бірі.

Ол бұзауды 5 күн бойы сүт беріп қоректендіріп жүр екен. Алайда жұмысшылардың күтіміне қарамастан, бұзау өліп қалды.

«Жақын туыстастардың қосылуының салдарынан осындай екі басты бұзау туылған болуы мүмкін. Сирек кездесетін жағдай», – дейді жергілікті мал дәрігері Даниэль Рибейро Камаргос.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау