Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ферма иесі 8 жасар баланы есекке байлап өлтірді

Пәкістанда 8 жасар баланы өлтірді деген күдікпен фермер ұсталды. Ер адам баланы есекке байлап, жануарға оны бір сағат бойы сүйреткізген.

осел-2

Сурет: DOMIKru.net

Бұл туралы life.ru басылымы хабарлайды.

Жер иеленуші Мұхаммед Мискин өзінің территориясына қойларымен бірге кірген Мудассирге қатты ашуланған. Кейін бүлдіршінді жазалау үшін оны есекке байлап айдаған. Куәгерлер Мұхаммедтің есекті де қорлағанын айтып жатыр. Нәтижесінде бүлдіршін ажал құшқан.

Айналадағы тұрғындардың ешқайсысы фермерді тоқтату үшін әрекет жасамаған. Мұның орнына олар Муссадирдің әкесін іздеген екен. Десе де, Мұхаммед Мискин өзіне тағылған айыптардан қашып, кінәсін мойындамай отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Теміртау тұрғыны жертөлесінде сақталған картопқа бола көз жұмды

Жамбыл облысында мал жұмбақ жағдайда қырылып жатыр

Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған

Талқылау