Фатима қажы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалын 4 ұрпақ бойы сақтап келгендерін айтты (фото)

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 10:51

Астана қаласындағы республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалын сақтаған Фатима Әбдібекқызымен кездесу өтті.

e02223cfa13cb83c49957ca4cbaae291

Қадірлі қарияның арнайы “Әзірет Сұлтан” мешітіне келіп, кездесу өткізуі жамағаттың мерейін өсіре түсті, деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Қасиетті Ораза айт мерекесінің соңғы күнінде “Әзірет Сұлтан” мешітінің әйел жамағатына ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак сақалын сақтап келген Фатима Әбдібекқызымен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.

a922df13ceb89cc1fa14d7713a66ed06

Басылымның хабарлауынша, Атбасар ауданындағы Садовый ауылында тұратын Фатима апамыз кіші қажылықтан келе жатыр екен. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның жүрістен қалғаны болмаса, сөздері ширақ шығып, тау суындай төгіліп-ақ тұр. Көргені мен түйгені мол апамыздың айтары да аз емес екен. Қаумалаған қалың көпшілікті салиқалы сөздерімен үйіріп әкетіп, өсиет-өнегесімен бөлісті.

Қадірлі қарияның арнайы “Әзірет Сұлтан” мешітіне келіп, кездесу өткізуі жамағаттың да мерейін өсіре түсті. “Әзірет Сұлтан әжелері” атанған бір топ қажы апаларымыз Фатима Әбдібекқызына арнайы алғыстарын білдіріп, қазақы дәстүрмен қамзол кигізді. Көпті көрген қарияның ақ батасын алып, естелік суретке түсіп қайтты.

Айта кетейік, ұзақ жылдар бойы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак сақалын сақтап келген Фатима апамыз 2013 жылдың мамыр айында құнды жәдігерді ҚМДБ-ның қарауына өткізген болатын.

Тағы да оқыңыз:

Йеменде сақталған Пайғамбарымыздың шашы көпшілікке көрсетілді (видео)

Неміс дәрігері Пайғамбар хадисі бойынша шашын алдырған сәбиді тексеріп қатты таңғалған

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кіндік қаны тамған үйі қандай? (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар