Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фархад Харкиге пәтер кілтін сыйлаған Сапарбаев, мемлекеттік тілді үйренуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі аймақ атынан Рио олимпиадасына қатысқан спортшыларды марапаттады.

harki - Copy 1

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Ақтөбе облысынан олимпиада ойындарына екі спортшы аттанған болатын: ауыр атлет – Фархад Харки және еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев.

Олимпиада ойындарында олжа салып, қола жүлде еншілеген Фархад Харкиге Бердібек Сапарбаев пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ, арнайы сертификатпен де марапаттаған облыс әкімі: “Саған мемлекеттік тілді меңгеруің үшін 4 жыл уақыт беріледі”, – деді күліп.

img_62172

Одан соң Нұрислам Санаевқа алғыс хат табысталды.

Олимпиадада Фархад Харки қола жүлдеге қол жеткізсе, Нұрислам Санаев жартылай финалға шыға алмай қалған еді. Бұған дейін Фархадты жерлестері қошеметпен қарсы алып, құрмет білдірген болатын.

Талқылау