Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перғауындар елінде президенттің суретіне Микки Маустың құлағын салған студент сотталды

Мысырлық студент Амр Ноэн  Facebook   желісіндегі парақшасында ел президенті Абдель Фаттах ас-Сисиге Микки Маустың құлағы жалғанған суретін жария еткені үшін  жауапқа тартылған.

photo_23037

Басылымның мәліметінше, Ноэн Мысырдың қарулы күштерінің офицеріне лайық емес іс жасады деп айыпталған сәтте әскердегі борышын өтеп бітуіне бес күн қалған. Алайда бұл жалғыз айыптаулар емес, сонымен қатар, мемлекетке қарсы бірнеше комментарий қалдырды деп те айыпталып отыр. Мұны құқыққорғаушылар “мемлекеттік қызметкерлерге тіл тигізу” деп бағаланды.   Студентті жасаған әрекеті үшін үш жылға бас бостандығынан айыру үкімі оқылған.

Қазіргі уақытта Ноэг “Борг Эль Араб” түрмесінде, бұл түрмеде 2013 жылы биліктен кеткен бұрынғы президент Мұхаммед Мұрси да жатыр.

Талқылау