Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фанаттардың қоршауында қалған Мейвезер "Головкиннен қашып жүрсің" деген айыптау естіді

Бес салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы америкалық Флойд Мейвезер фанаттардың ортасында қалып, Головкиннен қашып жүр деген айыптауды естуге мәжбүр болды.

Бұл туралы TMZ Sports хабарлайды.

Оқиға Нью-Йорк қаласында, боксшы баскетбол матчына келген кезде болған. Шыға берісте оның машинасын қоршап алған фанаттар, боксшының Головкинмен кездесуден қорқып жүргенін айтып айғайлаған.

“Мен GGG-ден қорыққан жоқпын” деген Мейвезер, зейнетке шыққаны үшін өзін бақытты санайтынын айтыпты. Ол бұған дейінде Головкинмен кездесу үшін рингке қайта оралмайтынын айтқан еді. 40 жастағы боксшы кәсіби мансабын аяқтағанын Конор МакГрегормен болған жекпе-жектен соң ресми түрде мәлімдеген.

Оқи отырыңыз:

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Талқылау