Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Facebook желісі лаңкестікпен күресті күшейтеді

Facebook әлеуметтік желісінің басшылығы терроризммен күресті күшейтуге бел буды. Енді желіде лаңкестікке қатысты материал таратушылар қатаң бақылауға алынып, олардың жолын кесілмек.

regnum_picture_145347617732143_normal

Сурет regnum.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

АҚШ билігі Facebook-ке «қысым көрсетіп», соған орай желі қызметкерлері қолданушы жазбаларының экстремизмге қатысы бар-жоғын белсене тексеруді қолға алды.

Осыған қатысты басылым бетіне жарияланған мақалада: «Әлемдегі ірі әлеуметтік желі лаңкестік топтарға қолдау білдірген қолданушылардың парақшаларын бұрынғыдан жылдамырақ бұғаттай бастады. Сондай-ақ, олардың достарына жазған хаттары да тексеріледі. Тіпті терроризмге байланысты жазбалармен айналысатын арнайы топ құрылды», – делінген.

Facebook әлеуметтік желісінің негізін 2004 жылдың 4 ақпанында Марк Цукерберг қалады. Бүгінде желіні әлем бойынша айына 1,5 млрд. адам қолданады.

Талқылау