Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Facebook қолданушылары енді өз хаттарын құпиялай алатын болды

Facebook қолданушылардың хат алмасуына мүмкіндік беретін мессенджерге end-to-end шифрланған бағдарламасын енгізді.

еееееееееее

Бұл туралы searchengines.ru хабарлайды.

Технология қолданушы хаттарының қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Бұл арқылы адамдардың жеке құпиялары мен өзі туралы мәліметтер жасырулы болады.

Сонымен қатар, Фейсбук мессенджеріндегі хаттар белгілі бір уақыттан соң автоматты түрде өшіріледі. Бұл шифрлық бағдарлама баптауларда “құпия чаттар” деп белгіленген. “Құпия чатта” қолданушылар мәтіндік хабарлама, сурет, стикерлермен бөлісе алады. Бірақ, ол арқылы GIF-суреттер мен видео жіберуге болмайды.

Егер екі қолданушыда да Messenger-дің соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда олар “құпия чат” режиміне кіре алады.

Талқылау