Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ежелгі Египет өркениетінің неліктен жойылып кеткені анықталды

Ежелгі Египет өркениетінің құлдырап, күлге айналуына вулкан атқылауы себеп болған. Арнайы зерттеу жүргізген халықаралық ғалымдар тобы вулканның кесірінен ғаламдың климаттың өзгеруі орын алып, ол жағдай Египет өркениетін де шайып кеткен деген қорытындыға келді.

Ежелгі Египеттің дамуы әйгілі Ніл өзеніне тікелей байланысты болған. Ніл өзенінің суы мен ондағы тірі организмдер халықтың жан бағуына мүмкіндік береді. Шаруалар өзен арқылы егін шаруашылығын да гүлдендірген. Соның арқасында барлық ірі қалалар өзен жағалауларында бой көтереді.

Ғалымдардың пікірінше кенеттен жанартау атқылап, ауа-райын бұзуы Ніл өзенінің де лайықты деңгейде таралуына кедергі келтірген. Бұл жағдайда планетаның газ қабығы қайта ғарышқа қарай көтеріліп, бұл жылу мен жаңбырдың бөлінуіне әсер етеді.

Біздің заманымызға дейінгі 44 жылы, Египетті Клеопартра билеп тұрған кезде алапат жанартау атқылауы орын алады. Күл мен ыстық газ муссондық ағымды өзгертіп, Ніл өзенінің су деңгейін төмендетіп, жер бетінде өркениеттің жойылу қауіпін тереңдеткен.

Тағы да оқыңыз:

Жиһадшылар Сириядағы соңғы плацдармынан айырылды

Мыңдаған рохинджа босқындары Мьянманы тастап Бангладеш шегарасына өтті

“Ислам мемлекеті” Филипп Киркоровтың концертінде жарылыс ұйымдастырмақ болды

Талқылау