Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эйр Астанамен" дауласып, пайда тапқан Нұртас Адамбай әуекомпаниядан ауру балаларға көмектесуді сұрады

 
"Эйр Астана" әуе компаниясы айналасында кезекті дау туған еді. Белгілі кинорежиссер әрі актер Нұртас Адамбай барлық талапты орындағанына қарамастан, өзінің заңды орнына отыра алмағанын айтып күйінген болатын. 

Эйр Астанамен дауласып, пайда тапқан Нұртас Адамбай ауру баладарға көмектесуді сұрадыӘйтсе де, даудан пайда таба білген ол әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. "Эйр Астана" әуекомпаниясы оның ауру балалар мен олардың жақындарына тегін билеттерді беру туралы ұсынысын қолдапты, деп жазады Stan.kz.

"Кеше "Эйр Астана" компаниясының президенті Питер Фостермен болған жағдайды талқылау үшін кездестім. Менің орным басқа адамға берілмегендігі туралы және "Эйр Астананың" ондай істермен айналыспайтыны жайлы кепілдік алдым.

Питер Фостер сенуге тұратын тұлғалардың қатарына кіреді деп санап, дәлелдерді талап етпедім. Оның сөздерін тексерудің қажеті жоқ. Проблема сыйымды борттың бір апта бұрын кіші бортқа ауысқанына байланысты туған болар. Немесе Overbooking жүйесі істеп кеткен шығар.

Өкінішке орай, әуекомпания үлкен шығындарға батпауы үшін бұл жүйеден бас тарта алмайды. Мен бұған байланысты ешнәрсе істей алмаймын. Сондықтан сұрақты ұзақ уақыт талқылауды жөнсіз деп табамын. 

Оқырмандарымның өтінішін орындадым. Дәл сол жазбаның астында адамдар жолаушылардың басқа да проблемалары бар екенін ескеріп, пікірлерін білдірген. Әуекомпанияның назарын сол мәселерге аударуын сұрадым. Питер барлық жағдайлардың міндетті түрде зерттелетінін, "Эйр Астана" жұмысының сапасы жақсаратынын айтты. Ал енді кезекті ең бастысына берейін.

Кездесуде мен "Қазақстан — сау балалардың елі!" кампаниясын қолдауды сұрадым. Біздің еліміз қаражатты қажетсіз заттарға жұмсай бергенше мемлекеттік деңгейде емге мұқтаж барлық балаларға көмектессе, жақсы болар еді деген тақырыппен кезінде жазба жазған едім.

Сол жазбамды көптеген адамдар қолдады. Сондықтан мен іс жүзінде көмектесетін уақыт келген болар  деп шешім шығардым", — дейді Нұртас Адамбай.

Адамбайдың сөзінше, оның ұсынысы бойынша, әуекомпания басқа елдерге ота жасатуға баратын балалар мен олардың жақындарына, тым құрығанда жиырма отбасыға жыл сайын тегін билет беріп тұруы керек. Питер Фостер Адамбайдың ұсынысын қолдапты.

Әуекомпания осындай мақсаттарға көп билеттер бөледі екен. Мүмкіндікті пайдаланып режиссер жылдық квотаны арттыруды сұраған. Бұл өтінішіне де қанағаттанарлық жауап алған. Екеуі қосымша көмектің қандай көлемде және қалай көрсетілетінін шешу үшін Аружан Саинмен кездесуді жоспарлап отыр. 

 


 

Талқылау