Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana бір билетті бірнеше адамға сата ма? Жолаушы шағымданды

Фарид Әлиев есімді желі қолданушысы еліміздегі танымал әуе компаниясымен арада болған түсініспеушілік туралы жазба қалдырды. Айтуынша, тіркеуге уақытылы барса да, оны ұшаққа кіргізбей қойған. Ал әуе компаниясы қызметкерлері өз кезегінде бұл жағдайға қатысты басқа ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Эйр Астана

«Ақтаудан Атырау арқылы ұшпақ болып отырғанмын. Ешкімге тиіспедім және кедергі келтірмедім. Барлық маршрутты «Эйр Астана» компаниясынан сатып алдым. Себебі, әртүрлі компания көмегіне жүгініп, сандалып жүргім келмеді. Өкінішке орай, жақын күндері Ақтаудан Нұр-Сұлтанға ұшатын рейстер болмады. Сол себепті Атырау арқылы ұшуға тура келді. Рейстер арасындағы айырмашылық 1,5-2 сағатты құрайды. Өзіммен бірге жүк болмады», - деді желі қолданушысы. 

Әрі қарай Фарид Әлиев тіркейтін орынға келіп, ұшаққа мінгізудің қашан басталатынын айтқан. Алайда тіркеудегі қызметкерлер оған жабылып үлгергендерін айтады. Жолаушы өз кезегінде неге тіркеуге келмеген азаматтарды іздемегенін сұраған. 

«Сүйкімді қыз «Біз іздедік» деп жауап берді. Шын мәнінде, олар ешкімді іздеген жоқ. Бар болғаны менің орнымды басқа біреуге сатып жіберген болар. Бұрын-соңды кешіккен жолаушыларды арнайы дауыстап іздейтін еді. Әуе компаниясының өкілдері күтушілер залына кіріп те іздейтін кездер болады. Атырауда зал кішкене ғана болғандықтан, «Жолаушы Әлиев» деген сөздің өзі жеткілікті болатын еді. Бұл сөз, тіпті, екінші қабатқа жететін еді», - дейді Фарид Әлиев. 

Бұл жағдайға қатысты «Эйр Астана» компаниясының ресми өкілі Жанна Бадаубаева түсініктеме берді. Компанияда жүргізілген қызметтік тексерістен кейін барлығы жолаушының өз айыбы екенін айтады. 

«Біз осы жағдайға қатысты қызметтік тексеріс жүргіздік. Сіз тіркейтін жерге жабылуға 7 минут қалған кезде келгенсіз. Біздің тіркеу мен ұшаққа отырғызуға қатысты қандай да бір талаптарымыз бар. «Эйр Астана» компаниясы ішкі рейстерге жолаушыларды тіркеу мен жүкті қабылдауды ұшақ ұшуға 40 минут қалған кезде тоқтатады. Сондай-ақ, гейт те ұшуға 15 минут қалған кезде жабылады. Жоғарыдағы мерзімге қатысты талаптарды орындамаған болса, жолаушы кез келген залал мен шығын үшін жауапкершілікті толықтай өз мойнына алады», - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Мұнымен қатар, Жанна Бәдуова КС 982/15 рейсіне тіркеудің басталуы мен аяқталуына қатысты ақпарат берген дикторға қатысты да ақпарат сұралғанын атап өтті. 

«14 сағат 05 минут кезінде агент-диктор сіздің есіміңіз бен фамилияңызды айтқан. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, біз сізге билет сатып алған ақшаны қайтарудан бас тартамыз. Тағы да өкініш білдіре отырып бұлжағдай сіздің біздің клиентіміз болып қалуға кедергісін келтірмейтін шығар деген үміттеміз», - деді Жанна Бадуова. 

Талқылау