Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕЭО Белоруссия мен Қырғызстан президенттерінің үмітін ақтамады

Еуразия экономикалық одағы Белоруссия мен Қырғызстан президенттерінің үмітін ақтамады. Бұл туралы ел басшылары бүгін Астана қаласында өткен басқосуда мәлімдеді. Одақтас мемлекеттер арада көптеген түсініспеушіліктің орын алып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымының төмендеп кеткенін тілге тиек етті.

image

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Бүгін біз Қытай халық республикасы, Үндістан, Израил, Мысыр, Иран және Камбоджа сынды мемлекеттерімен ынтымақтастық мәселесін талқыладық”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жабық отырыстан кейін баспасөз өкілдеріне арнап президенттер баяндама жасады. Қырғызстан мен Белоруссия елдерінің басшылары бұл одақтың өздерінің үмітін ақтамағанын айтты. Алмасбек Атамбаев Қазақстанға картоп жеткізіп тұруға рұқсат пен кедендегі ветеринарлық тексеруді тоқтатуды сұрады. Мұнымен қатар, Александр Лукашенко мемлекеттер арасында дәрі-дәрмекті жеткізуге қатысты қиындықтардың барын айтты.

“Серіктестерімізді ауыл шаруашылығындағы 25 салаға қажет машина құрастыру, электр  және жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын құрылғыларды жасауға шақырамыз”, – дейді Владимир Путин.

Басқосуда президенттер Еуразиялық эконимикалық одақтың мықтылығын көрсетуге керектігін сөз етті.

Талқылау