EXPO аумағында жайылып жүрген қозы-лақ желі қолданушыларын күлдірді (видео)
Ғаламтрода EXPO-2017 көрмесінің аймағында жайылып жүрген қозы-лақтардың видеосы тарап кетті.
“EXPO аяқталды, енді шөп қырқатын адам жоқ сияқты”, – деп әзілдеді Instagram желісіне видеоны жүктеуші.
Қозы-лақтың көрме айналасында жүргенінен таңғалған желі қолданушылары бұған қатысты көптеген әзіл айтты.
“Тіпті қозы да ЭКСПО-да болды, ал мен болмадым…”, – деп жазды желі қолданушысының бірі. Өзгелері қозы-лақтың жақын маңдағы саяжайлардан келген болуы мүмкін екенін айтып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
Бейнебақылау камерасы бойынша түскен айыппұлды қалайша жоюға болады
Талқылау