Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

EXPO-2017 Football Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Әлем құрамасынан ірі есеппен ұтылды

Ардагер жұлдыздардан құралған Қазақстан футбол құрамасы EXPO-2017 Football Cup турнирінде әлем құрамасынан ірі есеппен ұтылды.

photo_97932

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

“Астана-Аренада” өткен кездесу 7:4 есебімен әлем құрамасының пайдасына шешілді. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Германияны 8:6 есебімен жеңген болатын.

EXPO-2017 Football Cup турниріне қатысып жатқан алты команда екі топқа бөлінген. А тобында Германия, Қазақстан және Әлем құрамасы қатысса, В тобында Испания, Португалия, Ресей елдері өнер көрсетеді.

Әлем құрамасы: Христо Стоичков (Болгария), Азамат Абдураимов (Өзбекстан), Александр Шовковский (Украина), Винсан Кандела (Франция), Яри Литманен (Финляндия), Алдаир (Бразилия), Гаиска Мендьета (Испания), Жереми Нжитап (Камерун), Мухсин Мухамадиев (Тәжікстан), Жан Пьер Папен (Франция), Эрнан Креспо (Аргентина).

Қазақстан құрамасы: Қайрат Әубәкіров, Максим Самченко, Рафаэль Уразбахтин, Игорь Авдеев, Алексей Клишин, Андрей Богомолов, Сергей Жуненко, Руслан Гумар, Даниил Рихард, Мурат Тілешев, Андрей Финонченко, Асхат Қадырқұлов, Андрей Карпович.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық спортшы 30 секундта қарсыласының аяғын аспаннан келтіріп жеңіске жетті (видео)

Неймар әлем футболы тарихында бұрын-соңды болмаған бағаға сатылды

Светлана Подобедова ана атанды

Нью-Йорктың ең үздік полицейі Димаштың 9 қыркүйек күнгі қарсыласы анықталды

Талқылау