Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Евровидение-2017” байқауына Ресейдің атынан мүгедектер арбасында отырған әнші қыз қатыспақ

Ресей мемлекеті “Евровидение-2017” әлемдік ән байқауына өздерінің атынан қатысатын үміткердің есімін жариялады.

0163ee50e7a1511def5657e144805609

Бұл туралы Vokrug.tv хабарлайды.

Киевте өтетін европалық ән бәйгесіне Ресей атынан Юлия Самойлова қатысатын болды.

“Юля – ерекше әнші, керемет ару және тәжірибелі өнерпаз. 11 мамырда миллиондаған көрермендер Юлияның өнеріне тәнті болады деп ойлаймын”, – деді ресейлік делегацияның басшысы Юрий Аксюта.

Юлия Самойлова Коми республикасында дүниеге келген. Ол бала кезінен түрлі республикалық және халықаралық ән байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Бала кезінен мүгедектер арбасынан таңылған ол, 1 топтағы мүгедек. Юлия 2014 жылы Сочиде өткен паралимпиядалық ойындардың ашылу салтанатында өнер көрсетті.

“Евровидение-2017” байқауына қатысуға соңғы сәтке дейін Юлиядан бөлек, Нюша, Елена Темникова, Дарья Антонюк, Александр Панайотов сынды танымал әншілер үміткер болған.

Талқылау