Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Европалық әйелдер жыныстық қалауларын орындау үшін Кенияға ағылуда (фото)

Кенияда “романтикалық туризм” кеңінен тараған. Онда жасы келген европалықтарды жас кениялық арулар бірге ертіп қыдыртып және басқа да қызметтерін ұсынады.

107

Бұл туралы businessinsider.com хабарлайды.

2009 жылы Сови Амали Клугарт ел астанасы Момбаса қаласына ActionAid ұйымы құрамында аттанады. Оның басты орындау керек тапсырмасы африкалық елдер проблемасын жаңғырту болды. Ал кешкілік және демалыс күндері Клугарт қызықты көріністер іздеумен болды.

Бір күні ол жағажайға барып қалып, ол жақта қартаң европалықтардың жас Кения аруларымен бірге жүргенін байқап қалады.

Сондай-ақ, жағажайда қастарына жас кениялық жігіттерді ерткен европалық әйелдерді де көп байқаған.

Ал Момбаса қонақүйлерінде европалық туристер көп қоныстаныпты. Отелдегі әкімшіден бастап басшылыққа дейін европалықтар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қарым-қатынас туралы ашық біледі екен.

067

Солардың бірі Луиза есімді әйел екі кениялық жігітпен қыдырыстап жүр екен. Ол Клугартты да көптеген әйелдермен таныстырады.

037

Ол Кенияда 1997 жылдан бері тұрып келе жатыр. Кениялық жігітпен бас қосып, жүкті болып қалады. Сосын екеуі Францияға келген. Бірақ, жігітінің көзіне шөп салғанын білгеннен кейін Кенияға қайтып келеді.

094

Әйелдер көбінесе жалғыз болғандықтан кениялық жігіттермен кездеседі екен. Ал жергілікті еркектердің материалдық жағдайлары мәз болмағандықтан, олар мұндай ұсыныстан бас тартпайды. Егер кениялық жігіт европалық әйелдің көңілінен шықса, онда әйел оған төсек қатынасы, тегін түскі ас, кешкі ас пен түрлі сыйлықтар сыйлайды.

114

Мұндай туристердің көбісі Германия, Швейцария, Шығыс Европа және Британия елдерінен келеді. Көбіне олар бай, толық денелі және егде әйелдер.

075

Клугарт кездестірген әйелдің бірі Германиядан осында жылына екі мәрте келіп тұрады екен. Және әр келген сайын тек бір ғана еркекпен кездеседі.

132

Ол әр келген сайын еркекке жетерліктей ақша төлеп қояды. Осы уақыт ішінде ол әйелдің көңілінен барлық тұрғыда шыға алуы тиіс. Кетіп бара жатқан кезде де алақанын құр қалдырмайды.

017

Ал көп ретте еркектер өзінің көңілдестері арқылы Европаға көшіп кетуді қалайтын көрінеді.

087

Әйтседе көпшілік әйелдер қарым-қатынасты шынайы дүниеге айналдырмайды. Олардың бірі өзінің рахаты үшін, ал екіншісі тек ақша үшін бір-бірімен араласады.

123

Журналист кезіктірген әйелдің бірі Европадағы қонақүй саласында істейді.

152-800x533

Ол Кенияға жыл сайын келіп тұрады.

142

Күйеуі қайтыс болған ол өзіне жаңа жар іздемейді, тек қалауын іске асырып тұратын адам іздейді екен.

Талқылау