Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Европадағы терроризм қаупі: желіде мысықтар көптеп жариялануда (фото)

23 қарашада британдық The Sun басылымы мұқабасына “Әрбір бесінші мұсылман жиһад жасауға әуес” деген атпен мақала жазды.

Алайда БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушылар бұл ақпараттың дәлелсіз екенін, зерттеу толық жүгізілмей тек телефон арқылы өзін мұсылман санайтын 1003 британ азаматтары арасында сауалнама жүргізу арқылы осындай шешім шығарғанын қатты сынға алды. Оның үстіне, олардың 5 пайызы ғана Сириядағы топтарға жақындығын білдірсе, 14 пайызынан ондай жақын қолдаулар байқалмаған.

Желі қолданушылары ұнамсыз тақырыптағы мақаласы үшін The Sun газеті көпшілік арасында Парижде болған терактілік оқиғаға ұқсас қауіпті көтерілістердің тууына себепші болуы мүмкін деп топшылады.

Сондықтан олар басылымның қарсы әрекет етіп, қалжың-мысқыл түрінде 1in5Muslims хэштегімен флешмоб ұйымдастырды. Онда әрбір беснші мұсылман мысықтарды Ислам дініне мойын бұрғызып, оларға хиджап киюге күштейді.

1353

151123101323_cats_twitter_624x485_twitter_nocredit

Осындай кезекті бір флеш-мобты Брюссель тұрғындары жасап шығарды. Билік өкілдері полицейлерге қатысты әрекеттерді әлеуметтік желілерге жарияламауды сұрады. Оған жауап ретінде тұрғындар #BrusselsLockdown (Құлыптаулы Брюссель) хэштегімен көп мысықтар туралы флешмоб ұйымдастырды.

Талқылау