Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Евро-2016 турнирінің 1/4 финалына жолдама алған барлық қатысушылары анықталды

Италия және Испания құрамалары Франция футболдан өтіп жатқан Европа чемпионатында плэй-офф кезеңінің соңғы қатысушылары болды.

2313028_w2

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Испания құрамасынан басым ойнаған Конте шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы маңызды голдарды Кьеллини мен Пелле соқты.

Ал осы кезеңнің сенсациясы ретінде Исландия құрамасын айтуға болады. Олар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Англия құрамасын үйіне қайтарды. Рунидің соққан голына Исландия тарапынан Сигурдсон мен Сигторсон лайықты жауап берді. Осы ащы жеңілістен кейін Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон өз қызметінен кетті.

Енді 30 маусымда Польша – Португалия, 1 шілдеде Уэльс – Бельгия, 2 шілде күні Германия – Италия, 3 шілдеде Франция – Исландия мачты өтеді.

Жартылай финалдық бәсекелер 6 және 7 шілде күндері өтеді. Ал финалдық мачты 10 шілдеде “Стад де Франс” стадионы қабылдамақ.

Талқылау