Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕВРО-2016 сайысында қызмет етуі тиіс 100-ге жуық күзетші қауіпті адамдар тізімінен шыққан

10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияда өтетін футболдан Европа чемпионаты кезінде қауіпсіздікті кірпік қақпай күзетуі тиіс жүздеген күзетші, қауіп төндіретін адамдар тізімінен болып шыққан.

1465075080_1460477797_evro

Сурет newinform.com

Бұл туралы МИР 24 хабарлайды.

Француз ішкі қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, фан-зонадағы қауіпсіздікке жауапты 3,5 қарауылдың жеке мәліметтерімен танысып шыққан. Оның ішінде 82 адам мемлекетке қауіп төндіру және теракт жасау ықтималдығы жоғары адамдар қатарына кірген. Олардың түрлі экстремистік ұйымдармен байланысы бар болуы мүмкін.

Бұған дейін Европа чемпионаты кезінде 87 мың адам қауіпсіздікті қадағалайтыны айтылған еді. Оның ішінде полиция, жандарм, әскери қызметкерлер және азаматтық қауіпсіздік агенттері бар.

Талқылау