Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕВРО-2016 финалдық ойынында 3,5 мың полицей қауіпсіздікті бақылайды

Франция астанасы Парижде өтетін футболдан Европа чемпионатының финалдық бәсекесін , 3,5 мыңға жуық полиция және әскери қызметкерлер толықтай дерлік бақылауға алмақ.

044

Сурет cdn.tvc.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ел билігінің хабарлауынша, финалдық ойын өтетін тек Стад де Франс стадионының өзін, 1,3 мың тәртіп сақшысы бастан-аяқ күзетіп тұрады. Сонымен қатар, 1400 полицей Эйфел мұнарасы мен Елисей алаңындағы қауіпсіздікті сақтауы тиіс. Бұл аумақтарда орталық фан-зона орналасқан.

10 шілде, жексенбі күні кешкілік Португалия мен Франция құрамалары арасында Европа чемпионатының финалы ойналады. Қос команда жалпы саны бір-бірімен 24 рет кездессе, оның 18-інде француздар басым түсіп, бір мәрте ғана тең ойнаған. Ал қалған бес жеңіс португалдардың еншісінде екен.

Талқылау