Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еврейлердің ұйқысы бұзылмас үшін азанға тыйым салынды

Израил билігі Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігінде орналасқан ауылдық елді-мекендердің біріндегі мешітте еврейлердің ұйқысына кедергі келтіреді деген желеумен дауыс зорайтқышпен азан шақыруға тыйым салды.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

әл-Халил Рәтіб әл-Жәбір қаласындағы халықтық қарсылық көрсету комитетінің үйлестірушісі аталған мәселе бойынша түріктердің “Анадолы” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында изриалдік күштік құрылым аталған шаһардың оңтүстігіндегі Мұсапыр Иатта ауданына қарасты ат-Тубани ауылында рейд жүргізіп, дауыс зорайтқышпен азан шақыруға тыйым салған.

Бұл тыйымға құлақ аспаған жағдайда қатаң шара қолданатындарын да ескертіп кеткен. Израилдіктер жаулап алған Шығыс Құдыста шамамен 200 мың еврей келімсектері тұрып жатыр, ал Иордан өзенінің батыс жағалауында олардың қарасы 400 мыңға жеткен.

Халықаралық қауымдастығы мен әлем жұртшылығы Израил билігінің палестиналықтар жеріне баса-көктеп еніп қоймай, құрылыс жұмыстарын жүргізгеніне наразылық білдіріп, заңсыз деп танып отыр. Айта кетейік, Израил парламентінде 2016 жылдың қараша айында азан шақыруда дауыс зорайтқышты пайдалануға жаппай тыйым салатын заң жобасы қарастырылған болатын. Аты-шулы заң жобасын жақтап Кнессеттің 55 депутаты дауыс берсе, 48 халық қалаулысы қарсы шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Марқұм иесін теледидардан көрген ит экранға телміріп, көптің жүрегін елжіретті

Эйр Астана ұшағы Қытайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Анасы қасына алып жатқан сәбиін басып кетіп өлтіріп қойды

Күйеуінен бала көтерген жүкті ер адам табылды

Талқылау