Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалықтар мисуактан заманауи тістазалағыш жасады

Чехиялық «Yoni» фирмасы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолданған мисуакты тіс пен ауыз қуысын тазалайтын жаңа «революциялық» өнім ретінде Rawtoothbrush деген атау беріп шығара бастаған.

тіс-тазалағыш

«Бұл өнім сіздердің күнделікті өмірлеріңізді өзгертеді», — деп хабарлайды фирманың баспасөз қызметі.

Өндірушілер мисуакты «тіс эмальін минералдармен толтырады», «тісжегіштің алдын алады» және «тісті ағартады» деп сендіріп отыр.

Компанияның айтуынша, адам баласы ежелгі заманнан бері тіс пен ауыз қуысын тазалау үшін араб елдерінде «арак ағашының тамыры бұтақтарын» қолданса, ал Африкада «лимон немесе апельсин» бұтақтарын қолданған.

Естеріңізге сала кетейік, мұсылман елдерінің халқы бұрынғы заманнан бері тіс пен ауыз қуысын тазалау мақсатында мисуакты қолданған. Шыбықтың бір жағын шайнап, өсімдіктің емдік күші толған талшығын жұмсартады. Мұндай табиғи «шөткенің» артықшылығы – тіс пастасын, суды және арнайы жағдайларды талап етпейді, оны өзіңмен бірге қалтада немесе косметика салатын сөмкеде алып жүре беруге болады.

Бұдан бөлек, мисуак биоірітілетін материалдардан жасалынады, сондықтан да ол қоршаған ортаны ластамаймын деушілерге табылмайтын құрал.

Мисуак кәдімгі тіс шөткесінен де тиімді деген пікір бар, алайда мисуакты қолданудың дәлелді себебі ретінде мұсылмандар мұны ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) Сүннеті ретінде санауында.

Оқи отырыңыз:

Абай Бегей: “Сені ұмытқан жоқпын” атты кешімді марқұм жұбайыма арнадым

Баян Есентаева енді Қытай дәрігерлерінің көмегіне жүгінді (видео)

Дәурен Айдарқұлов әншілік қабілетімен таңғалдырды (видео)

Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

 

Талқылау