Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жұмыс істейтін дипломаттың жолдағы жүгенсіздігі үлкен дауға ұласты

Алматыдағы Польша консулының кеңесшісі Радослав Груктың бассыздығын  жол қозғалысын бақылайтын ұйым басшысы камераға түсіріп алыпты

photo_173852

Видеода полиция қызметкерінің «Сіз менің көзімше жол ережесін үш рет бұздыңыз! Оның үстіне көліктің алдыңғы нөмірі жоқ. Бұл Польша елшілігінің көлігі ғой» деген сұрағына «Мен сізбен сөйлеспеймін», – деп жауап берген консул кеңесшісі.

Польша консулдығына тиесілі «Lexus» көлігіне мінген дипломат 3 бірдей жол ережесін өрескел бұзған. Яғни, машинаның алдыңғы бөлігіне мемлекеттік қызыл нөмір тағылмаған, рұқсат етілмеген бағдаршамның түсіне жүрген, қос жолақты кесіп өтіп тыйым салынған жерге аялдапты. Дауға  айналған видеоны көріп жағасын ұстаған Польша консулдығы әріптестерінің бұл бассыздығын мойындап, Владислав Грукты жылдық сыйақысын айырғандарын мәлімдеді. Ал асығамын деп дауға қалған дипломат енді кемі 50 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Бұл сома консулдыққа Сыртқы Істер министрлігі арқылы келуі қажет. Әзірше, кеңесшінің жолдағы жүгенсіздігіне қатысты алматылық полицейлер үнсіз.

 

Талқылау