Алматылық «Қайрат» футбол клубы қонақта андоралық «Энгордани» клубын ойсырата жеңді.
Бұл туралы Sports.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі кездесу Андорра-ла-Вельяда өтті. Ойын 3:0 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды.
Алғашқы голды ойынның 5-минутында Адеринсола Эсеола соқты. Ал 25-минутта Бауыржан Исламхан пенальти арқылы есеп арттырды. 90-минутта Мартон Эппель 3-голды соқты.
Айта кетсек, қарымта ойын 19 шілдеде кешкі сағат 19:00-де Алматыда өтеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.