Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропа Лигасы: «Астана» командасы «Динамомен» теңбе-тең ойын көрсетті

Еуропа Лигасының топтық кезеңінің алғышқы ойынында «Астана» футбол командасы Киевте «Динамомен» ойын көрсетті. Тартысты ойын тең есеппен аяқталды.

Еуропа Лигасы: «Астана» командасы «Динамомен» теңбе-тең ойын көрсетті

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін «Динамо» командасы К тобының фавориті саналған еді.

Ойын кезінде «Динамо» командасының футболшысы Цыганков алғашқы гол соғып, есеп ашты. Мұнан кейін отандасымыз Марин Аничич есеп теңестірді. Артынша «Динамо» ойыншысы Дения Гармаш гол салып, ойынның алғашқы кезеңі 2:1 есебімен аяқталды.

Екінші кезең тартысты өтті. Ойын барысында «Астаналық» Роман Муртазаевтың сәтті голы есепті теңестірді. Нәтижесінде ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетсек, «Астана» командасының келесі ойыны 4 қазанда еліміздің бас қаласында өтеді. Отандық команда франциялық «Реннмен» кездеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау