Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Euronews арнасы Қазақстанда өткен ән байқауын көрсетті (видео)

Еуропалық Euronews телеарнасы Астанада өткен “Опералия” байқауы туралы көрсеткен. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

еуроньюс 160817

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

“Достарым, қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп отыр! Euronews телеарнасы біздің “Опералия” туралы трансляция циклдарын бастады! Əлемдік опера өнерінің абыройлы жəне беделді сайыстарының бірі – дүниежүзілік “Пласидо Доминго опералиясы” Қазақстанның бас қаласы Астанада өтті. Бұл біз үшін үлкен құрмет жəне қуантарлық жайт болды!

Дəл осындай жоғары деңгейдегі вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді. Қазақстанға Опералиямыздың əділ қазылары ретінде əлемдік опера өнерінің нағыз майталмандары, атақты өнер иелері жиналды, ал Пласидо Доминго біздің мемлекетке шынайы сенімін білдіріп, конкурсқа өзінің отбасы – зайыбы, балалары жəне немерелерімен келген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан аталған іс- шараны ұйымдастыруда жəне өткізуде шығынданған жоқ: Астанадағы конкурсты қаржы тұрғысынан қамтамасыз етуді “Опералияның” демеушісі Rolex швейцарлық сағат компаниясы мойнына алды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отырған EXPO-2017 Astana халықаралық көрме аясында өтіп жатқан кең ауқымды мəдени шаралар мемлекетіміздің имиджін көтеріп, Қазақстанға шетел туристерінің келуіне əсер ететіні хақ.

Вокалдық конкурс шетелдік жəне орталық ірі БАҚ қызығушылығын туындатты. Euronews телеарнасы “Опералиямызды” көрсете бастағаны туралы хабар келді! Euronews жаңалықтарынан хабардар болыңыздар, достарым!” – деп жазды Министр.

Жіберіп алмаңыз:

Еркенің әнін рэппен толықтырған жігіт желіде “жұлдызға” айналды (видео)

Әнші Jah Khalib: Есірткіге тәуелді едім, ислам өмірімді өзгертті

Айсәуле Бақытбек дастарханда әке орнының бос қалғанын айтып, елді жылатты

Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)

Талқылау