Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Еуразия” кинофестивалінің бас жүлдесін «Оралман» картинасы жеңіп алды

Еліміздің бас қаласында XIII “Еуразия” халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

f56733f7abb988421f7055b0a7d3572e

Сурет: Vласть

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Аталған жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне және фестивальдің жабылу салтанатына келген отандық және шетелдік кино жұлдыздары мен өзге де танымал тұлғалар қызыл кілем үстінде жүріп өтті. Фестивальдің басты ақпараттық серіктесі “Хабар” арнасының жүлдесі “Еще один день” (Қазақстан) кинокартинасына берілді. Мұнымен қатар, сестивальдің бас жүлдесі қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбектің “Оралман” картинасына бұйырды.

Ауғанстаннан өздерінің тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген отбасының оқиғасы баяндалатын бұл фильм сәуір айында Иранда өткен халықаралық “Фаджр” кинофестивалінде “Азияның үздік фильмі” жүлдесін алған болатын. Сонымен бірге, салтанатты кеш барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Америкадан арнайы келген Голливуд актері  Джон Малковичке “Киноиндустрияны дамытуға қосқан үлесі үшін” әзірлеген марапатын табыстады.  Кеш соңында танымал франциялық режиссер Люк Бессонның “Валериан және мың ғаламшар қаласы” фильмі қазақ тілінде көрсетілді.

Естеріңізге сала кетсек, XIII “Еуразия” халықаралық  кинофестивалі Қазақстан астанасында 22-28 шілде аралығында өтті. Аталған кинофестивальге голливудтық жұлдыздар Эдриан Броуди, Николас Кейдж, Джон Малкович келді.


Жіберіп алмаңыз:

Ұстаз: Қадірі жоқ әншілер билетін зорлап өткізеді

Мәдина Сәдуақасова концертінің билеттерін 20 мыңға сатып жүргендерді көріп шошыған

Сазгерлер қажетсіз авторлық қоғамдарды жабуды талап етті

Алпамыс Шәрімов: Димаштың емін-еркін жүруі қиындап кетті

Талқылау