«Еуразия аруы» атанған түркиялық бойжеткен 13 жылға сотталды

25 жастағы Сибел Демирал 13 жылға сотталып кетті. Ол 2016 жылы «Еуразия аруы» байқауының жеңімпазы.

Сибел Демирал

Жергілікті БАҚ мәліметінше, елге тәртіпті, тәрбиелі деп танылған бойжеткеннің бандалармен байланысы бар болып шықты.

Сибел Демирал үйіне зергерді шақырған. Алайда зерген қонаққа келгене оны бір топ жігіт күтіп алып, соққыға жығады. Зергерді бірнеше адам ұрып-соғып, шешіндіріп, суретке түсіріп алады. Кейін сурет арқылы қоқан лоқы көрсетіп, 45 мың доллар сұрайды. Қарақшылар зергерден ақша бопсалаған соң полицейлер оларды қолға түсірді. Сибелмен байланысы бар болған бандалық топ жазаға тартылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр