Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есте сақтау қабілеті нашар жігіттің туыстары табылды

Шымкенттегі  психо-неврологиялық аурухана дәрігерлері  Есен деп атап кеткен жігіттің туыстары табылды.Жергілікті арналар жігітті көрсетіп, жарты жылдан бері туыстары іздестіріліп жатқанын хабарлаған.  Сол материал эфирге шығысымен есте сақтау қабілетінен айрылған жігіттің жақындары ауруханаға келген.

асеттт

Бұл туралы  Отырар арнасы жазды.

Әсет өз туыстарын көрісімен бірден таныған. Қазір ол жақын бауырларының қасында.

Енді жергілікті полиция  жоғалған жігітті жарты жылдан бері іздемеген туыстарын тергеп жатыр.

Жігітті 26 қаңтар күні жергілікті полиция көшеден тауып алған еді. Ол өзінің есімін атай алмаған. Тәртіп сақшылары оны ауруханаға жеткізіп, содан бері ол дәрігерлердіңқарауында болған.  Медбикелер Әсеттің ашық әрі көмекке дайын тұратынын айтады. Оның ақыл-есі мен есте сақтау қабілеті үш жастағы баламен тең екен.

Талқылау