Ескі көлікті қабылдауға қаржы қалмады

Жұма, 18 Тамыз , 2017 23:20

Ескі көлік қабылдауға қаржы жоқ! Елімізде былтыр басталған утилизациялау бағдарламасы бойынша ақшалай сыйақы беру тоқтатылды,-деп жазды КТК арнасы.

машина

Осы мемлекеттік бағдарламаға жауапты оператор – мұны Энергетика министрлігі бекіткен квота санының уақытынан бұрын игерілуімен байланыстырды.

2016 жылдың қарашасында пилоттық бағдарлама негізінде ашылған ескі көліктерді қабылдау науқаны еліміздің барлық өңірінде белсенді жүрген болатын. Небәрі 9 ай ішінде 20 мың адам ескі көлігін өткізіпті. Бағасы шамамен 150 мың теңгенің айналасында.

Тозығы жеткен темір тұлпарын нарықтаға бағадан гөрі осылай қымбатқа сатқысы келетіндерге енді қосымша квотаның бөлінгенін күтуге тура келеді.

Ал қолма-қол ақша емес, жаңа көлік алу кезінде жеңілдік беретін сертификаттар саны әлі жеткілікті екен. Сондықтан, отандастарымыз жеңіл және ауыр көліктерді, сондай-ақ автобустарды 315 мың мен 650 мың теңге аралығындағы сертификатқа әлі де ауыстыра алады.

“Жуық арада министрлік квота беруді бекітетін болса ақшалай бағдарламаны ары қарай жалғастыратын боламыз.

Бүгінгі күнде сертификат беру бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Сол сертификатпен Қазақстанда шығарылған автокөлікті алған кезде сертификат сомасы сіз алатын автокөліктен шегеріліп қалады”,-дейді «ӨКМ операторы» ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан.

Оқи отырыңыз:

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел жаңа қызметке тағайындалды

Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады

Павлодарда әскери кафедра студенті ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сорлы қазақ байыбына бармар бастап кететін.әлйн білмеген әлек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар