Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескі гір тасының құрамында палатий мен осмий бары анықталып,ел арасында жаппай іздестіріле бастады

ТМД елдері арасында ескі гір тасы сұранымға ие бола бастады Мәселен, Ресей, Әзірбайжан елінде оларды 5-10 мың долларға сатып алуға дайын. Өйткені, кеңес кезіндегі шойынды гірлер паладий мен осмиден тұрады деген ақпар тараған.

d6c7e42b6ff10642867b880f64f2f3da

Сурет: ©Валерий Калиев

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Ресейлік блогер өзінің ескі гір тасын сатқысы келетіні жөнінде хабарландыру берген. Оған хабарласқандардың барлығы гірдің кеңестік кезде жасалғанын сұрайды. Сатушыны мұндай сұранымдар күмән тудырып, кеңестік кездің гір тасының құрамын білуге құмартып, ақырында оның паладий қорытпасынан тұратынын анықтаған.

Блогер паладидің 30 грамы 500 доллар тұратынын да айтады. Яғни, салыстырмалы түрде оның гір тасы алтынмен пара-пар. Тіпті, сатып алушының бірі оған құпия түрде бұрынғы гір тасының құрамында осмидің де болу мүмкін екенін айтқан. Ал, оның бір грамы 10 мың доллардан асып жығылады.

Сатып алушы оған 5 «тонна» ақша беруге дайын болған. Бірақ, сараптама жасап, гір тасындағы палатий мен осмиді тексеруді сатушының өзіне жүктеген. Химиялық сараптама жасау құны – 300 доллар тұрады.

Бір қарағанды түкке  тұрмайтын құр шығын. Сарапсыз-ақ, гірдің құрамында ешқандай осмидің де паладидің де жоқ екені түсінікті.

Қазақстанда мұндай дау бір кездері ескі тоңазытқыштарға да қатысты туған болатын. Ал, 90-жылдары алаяқтар «Зингер» тігін машинасы арқылы кәдімгідей табыс тапқан. Енді, Қазақстанда гір тасына байланысты сатылымдар басталуы ғажап емес.

Алан Исаев

Талқылау