Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

Алматы қаласы жылу орталығының тұрғындарға жіберген ескерту хатының мәтіні жұрттың жағасын ұстатты. Себебі, олар ескертпе құжат мәтініне түрлі боғауыз сөздер қосып жазған. Бұл ескертпе құжаттың мәтініне қала тұрғындары назар аудармаса керек. Себебі, ол қала тұрғындарының тең жартысына жіберілсе де, осы күнге дейін бірде-бір шағым түспеген.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құжатта жазылған боғауыз сөздерді бұрын жылу орталығында бес жыл бойы қызмет істеген азамат байқап қалған. Ол аталған орталық жұмысының сапасы төмендеп бара жатқанына іштей қынжылатынын айтты.

“Бұл ескерту құжатында жазылған боғауыз сөздер жандарыңызға батқан болса, өтініп кешірім сұраймын. Өзім де не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын.

Бұл ескертуді дайындаған адам ерекше “тұлға” болғандықтан күліп отырмын. Ол өзі кек сақтап жүрген басшысын аяғынан шалды десек те болады. Ал басшылары өз жұмыстарын қалай атқару керектігін білмесе керек. Батыл іс.

Ал “жылап” отырған себебім – мен ұйымға 5 жыл өмірім мен денсаулығымды сарп еткен едім. Ал дәл қазір нағыз мамандардың шетке ысырылып, барлығының көз алдымда быт-шыт болып бара жатқанын байқаудамын. Және барлығы мұны жақсы өзгеріске балауда.

Қазақша түсінбейтін жандар, көз алдыларыңызға неміс сантехниктері туралы фильмді елестетіп көріңіздерші. Қарызыңызды төлемеген жағдайда, солардың күйін кештіруге уәде беріп жатыр.  Мұндай ескерту қағазын қаланың тең жартысы алған екен”, – дейді Дәурен Әлімбеков есімді азамат өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында.

Өзге желі қолданушылары да азаматтың осы жазбасынан кейін өздеріне келген ескерту қағазына назар аударған. Көпшілік боғауыз жазған жігіттің әрекетін қалжыңға балады.

“Не жазып қойған өзі. Барлық сөздің мағынасы қандай десеңші! Мұндайды ойлап табу да қиын ғой”, “Меніңше, мәтін орыс тілінде қатемен жазылған”, “Бұлай қорқытып жатса, төлемеске амалымыз қалмады ғой”, “Неге арасына “құрметті …” деген сөзді қосып жібермеді екен?”, “Құдай сақтасын” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Владимир Путин Алтай мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Алматы облысында ер адам 39 жыл бойы ешқандай құжатсыз өмір сүріп келген

Британдық төлқұжатында Гитлермен ұқсап қалғанын айтып шағымданды

Талқылау