Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 16:04

Алматы қаласы жылу орталығының тұрғындарға жіберген ескерту хатының мәтіні жұрттың жағасын ұстатты. Себебі, олар ескертпе құжат мәтініне түрлі боғауыз сөздер қосып жазған. Бұл ескертпе құжаттың мәтініне қала тұрғындары назар аудармаса керек. Себебі, ол қала тұрғындарының тең жартысына жіберілсе де, осы күнге дейін бірде-бір шағым түспеген.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құжатта жазылған боғауыз сөздерді бұрын жылу орталығында бес жыл бойы қызмет істеген азамат байқап қалған. Ол аталған орталық жұмысының сапасы төмендеп бара жатқанына іштей қынжылатынын айтты.

“Бұл ескерту құжатында жазылған боғауыз сөздер жандарыңызға батқан болса, өтініп кешірім сұраймын. Өзім де не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын.

Бұл ескертуді дайындаған адам ерекше “тұлға” болғандықтан күліп отырмын. Ол өзі кек сақтап жүрген басшысын аяғынан шалды десек те болады. Ал басшылары өз жұмыстарын қалай атқару керектігін білмесе керек. Батыл іс.

Ал “жылап” отырған себебім – мен ұйымға 5 жыл өмірім мен денсаулығымды сарп еткен едім. Ал дәл қазір нағыз мамандардың шетке ысырылып, барлығының көз алдымда быт-шыт болып бара жатқанын байқаудамын. Және барлығы мұны жақсы өзгеріске балауда.

Қазақша түсінбейтін жандар, көз алдыларыңызға неміс сантехниктері туралы фильмді елестетіп көріңіздерші. Қарызыңызды төлемеген жағдайда, солардың күйін кештіруге уәде беріп жатыр.  Мұндай ескерту қағазын қаланың тең жартысы алған екен”, – дейді Дәурен Әлімбеков есімді азамат өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында.

Өзге желі қолданушылары да азаматтың осы жазбасынан кейін өздеріне келген ескерту қағазына назар аударған. Көпшілік боғауыз жазған жігіттің әрекетін қалжыңға балады.

“Не жазып қойған өзі. Барлық сөздің мағынасы қандай десеңші! Мұндайды ойлап табу да қиын ғой”, “Меніңше, мәтін орыс тілінде қатемен жазылған”, “Бұлай қорқытып жатса, төлемеске амалымыз қалмады ғой”, “Неге арасына “құрметті …” деген сөзді қосып жібермеді екен?”, “Құдай сақтасын” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Владимир Путин Алтай мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Алматы облысында ер адам 39 жыл бойы ешқандай құжатсыз өмір сүріп келген

Британдық төлқұжатында Гитлермен ұқсап қалғанын айтып шағымданды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Ереке120290 says:

    Осындай қателік үшін мекемедегі сол кеңседе отырған адамға жақсы көлемде айып пұл салу керек, түскен соманы жетім жесірлерге таратып беру керек, болмаса көшеде бомж боп жүргендерге көмек ретінде таратып беру керек… Жалпы елімізде тіл мəселесі ойыншық боп барады, намысы бар қазақтардың ұрпағы қайда кеткен?!!!

  • Анонимно says:

    Сауатсыздар

  • Анонимно says:

    Анонимно: Мынау сұмдыққой хатшының қатесі , дереу жұмыстан шығару керек, қазақты мазақ еткені үшін өтемақы төлету керек.

  • Анонимно says:

    Наверно жазган Адам басшынын казакша билмейтинин биле кек алайындеген да

  • әйтеуір бір Қазақ says:

    бишара Қазақтың құл екені көрініп тұр басқа халық болса өре түрегелер еді, алматы жылу жүйесін, пресс-хатшысы орыстың әйелін сотқа берер еді,Асыл текті Қазақты мазақ қылғандары үшін кешірім сұратар еді,жұмыстан қуар еді,ал біз қалжың деп мәз боламыз.Бауыржан Байбектен басында ұлтжанды бауырымыз келді,Қазақты қорғар қалқанымыз деп қуанып едім,кейінгі істері көңілге қонбай жүр.

  • Анонимно says:

    Енды амал жок казак тылын уйренетын шыгар)))) бул малгундар

  • Анонимно says:

    кулейнбе жылайынба ааа

  • Анонимно says:

    коринбесе килаймай ак койыныз жаман соз жазылган.

  • кайрат says:

    Маскара.Казакты мазак етугой бул

  • Кана says:

    Не деп жазылган коринбид дурыс???

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар