Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

Алматыда желтоқсанда толассыз жауын жауып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжауы бойынша, желтоқсанның 9-10 қараған түні ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендейді. Жауынның арты қарға ұласуы ықтимал.

Сонымен қатар, сол түні көктайғақ болуы мүмкін.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының айтуынша,  коммуналдық қызмет  табиғаттың тосын мінезіне дайын екен.

«Алматылықтар мен қонақтардан жол шетіндегі автокөліктерді алуды өтінеміз. Себебі көліктер түнгі уақытта жол шетін қардан тазалауға кедергі келтіреді. Жол шетінде тұрған көліктер эвакуатормен басқа бағытқа апарылатын болады. Қала тұрғындарына өз көлігін пайдаланбай қоғамдық көлікке отыруға кеңес береміз»,- дейді басқармадағылар.

Қала билігі жауын-шашынды күндері жол қозғалысында абай болуға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» әлемді аралайтын болды

Павлодарда моншада танысын соққыға жыққан аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде 7 жасар бала әлемдік рекорд орнатуға дайындалып жатыр (фото, видео)

Қыстауда бірнеше ер адам жабылып зорлаған әйелдің ісін прокуратура бақылауына алды

Талқылау