Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиевке күрделі ота жасалып жатыр

Әйгілі әнші әрі композитор Ескендір Хасанғалиев науқастанып қалды. Өнер иесіне бүгін Астана қаласындағы ауруханалардың бірінде ота жасалып жатыр. Бұл туралы продюсер Ерғали Әбдірайымов хабарлады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ескендір Хасанғалиев

“Күндердің сұлтаны, қасиетті жұма күні қазақ эстрадасының ақсақалы Ескендір Хасанғалиев ағамызға Астана қаласында ота жасалып жатыр, дұғада болайық достар! Аман-есен сауығып, ортамызға оралсын!” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.

Әзірге өнер иесінің денсаулығына қатысты өзге ақпарат жоқ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау