Есінеу жұқпалы «ауру» ма?

Жұма, 16 Қыркүйек , 2016 18:49

Байқадыңыз ба? Жаныңызда әлдекім есінеген уақытта бірден жауап ретінде есінегіңіз келеді. Ол есінеудің ерекше жағымды сипатына байланысты емес. Шындығына келгенде, біз оны бейсаналы түрде жасаймыз. Себебі миымыз есінеуді қалайтын «жұқпаға» қарсы тұра алмайды.

17301865-4739608314_915a8aa5b8_z-1473989380-650-0de8541d7b-1474011937

Бұл ретте сандаған жыл бойы «есінеу феноменін» зерттеп келе жатқан ғалымдар пікірін тізбелеуді жөн көрдік.

Зерттеу жұмыстарына сәйкес, біз фотосуреттен не видеожазбадан есінеген адам түрін көргенде, ол да, тиісінше, есіней жауап беруімізге сеп болады. Оған қоса міндетті түрде кең ашылған ауызға емемс, жұмылған көздерге қараудың өзі жеткілікті. Егер бұл мақаланы оқу барысында есінеген болсаңыз, демек есінеуді өз ойыңызда бейнеледіңіз.

Ғалымдар есінеудің жұқпалылығын, бөтен адамның сезімі мен көңіл-күйін бөлісу сезімі, эмпатиямен байланыстырады. Олар есінеген жан иелерінің фотосуретін көргеннен кейін жауап ретінде есінеген кезде, адамдарда мидың эмпатияға жауапты бөлігі белсенділік танытатын анықтаған. Яғни біз есінеген адамға «жанымыз ашып», бірден «басына түскен ауырлықты» бөлісуге тырысамыз.

17302315-Untitled-1473911669-650-b3abb487c0-1474011937

Есінеу 4 жастан асқанда жұқпалы сипат алады. Ал бұл феноменнің өзін шаршау, зерігу не оттегі жетіспеуімен түсіндіреді. Сонымен қатар 20°С температура шамасында жиі есінейді екенбіз. Ол біздің күнделікті жұмыс жасайтын кеңсе, бөлмелердегі температураға сәйкес.

Мақаланы оқи отырып неше мәрте есінедіңіз? Санап көріп, пікір қалдырыңыз!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар