Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есін біледі: Дәрігерлер СҚО-да көлік қағып, бір аяғын жұлып кеткен азаматтың жағдайы туралы айтты

Солтүстік Қазақстан облысында көлік қағып кетіп, салдарынан бір аяғынан айырылған азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Есін біледі: Дәрігерлер СҚО-да көлік қағып, бір аяғын жұлып кеткен азаматтың жағдайы туралы айтты

№3 қалалық аурухананың травматолог дәрігері Уәли Бедешевтің сөзінше, 28 жастағы ер адамның сол аяғы жұлынып кетіп қана қоймай, бас-сүйек мидың жабық жарақатын алып, маңдай аумағы жараланып, оң жақ жамбас сүйегі сынып, көп қан жоғалтып, травматикалық шок, көптеген жара алған. Ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Шокқа қарсы терапия жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты ауыр. Серпіні қалыпты. Науқас есін біледі. Өзіне айтылған сөзді түсініп жатыр. Жағдайы тұрақталғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылады», – дейді Уәли Бедешев.

Сонымен қатар дәрігер науқастың бір аяғын аман алып қалу мүмкін болмағанын айтты. Оның тіндері мыжылып, қан тамырлары мен жүйке талшықтары зақымдалған.

ЖКО-дан зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген кезде есін біліп жатқан. Тіпті өзін қала көшелерінің бірінде көлік қағып кеткенін айтыпты.

Дәрігерлер ер адамның оңалуы үшін қанша уақыт керек боларын айтуға ерте дейді. Көп нәрсе отадан кейінгі кезеңнің қалай өтетініне байланысты көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау