Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есімов Астана әкіміне биылғы қыстың суық болатынын ескертті

Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов Астана қаласының әкіміне қыстың суық болатынын ескертіп, табыс тіледі.

Туристік көрме аумағының ашылуында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Исекешовке қарата сөйлеп, алғыс білдірді.

«Бұл жерде біздің құрметті әкім Әсет Өрентайұлы отыр. Оған және оның командасына қол соғып, алғыс білдірулеріңізді сұраймын. Оның үстіне қыс мезгілі келе жатыр. Биыл қатты суық болады дейді. Мұндай суық жүз жылда бір болады екен. Бұл оңай жұмыс емес. Оны жақсы білемін. Сондықтан әкім мен оның командасына биылғы қыста табыс тілеймін», – дейді Ахметжан Есімов.

Казгидромет синоптиктері хабарлағандай, биылғы жылы қыс аса қатты суық болмайды.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Ресейдің қай өңірлерінде болғысы келетінін айтты

Путин СҚО әкімінің фамилиясын әзілге айналдырды

Назарбаев Путинмен бірге сыра ішкен кезін айтып берді

Бетіне шығып секірді: Қарағандыда куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай ұрғанын айтып берді

Талқылау