Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 16:00

Қызылорда қаласының шетіндегі үш бөлмелі жер үйде тұрып келген мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуовалар күтпеген жерден үйлі болды.

67689641_zima

Аты-жөнін жариялағысы келмеген азамат ол кісілерге жеті бөлмелі үй, автокөлік және моторлы мүгедек арбасын сыйлаған, – деп жазады Азаттық.

рр

Ерлі-зайыптылар осыған дейін Қызылорда қаласының шетінде 3 бөлмелі жайсыз үйде тұрып келген. Отағасы жомарт жанның баспанадан бөлек тағы да сый жасағанын айтады.

965afa4205be9d6de3e24065c50 (1)

«Үйден бөлек жаңа көлік сыйлады. Оны енді өз ыңғайыма қарай жасатып жатырмын. Тағы тоқпен жүретін мүгедек арбасын тарту етті», – дейді Бақытбек Сейітбаев.

Ерлі зайыптылар мүмкіндігі шектеулі боғанына қарамастан қол қусырып қарап отырмайды. Әйелі тігінмен айналысса, күйеуі көлігімен адам тасып күнелтіп келген.

г

Олар бұрынғы баспанасында дәретхана мен жуынатын жердің қиынға соққанын айтады. Мектебі сәл алыстағаны болмаса қыздары да жаңа үйге мәз болуда.

meyirzhan1

Қызылорда қалалық әкімдігі бұл отбасының жағдайымен таныс болса да, үйді кезексіз бере алмайтындарын айтқан. Ал, баспана мәселесін қайырымдылықпен шешіп берген жомарт жан есімін көпке жариялауды жөн көрмеді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда ата-ананың баласына қол көтеруін зорлық көрсетумен теңестіру ұсынылды

Күйеу жігіттің көңілдесі тойға қалыңдың көйлегімен келіп шу шығарды (видео)

Мұхамедиұлы: Мен не үшін отставкаға кетуім керек, шындық үшін күрескенім үшін бе?

Мұғалімі интернаттағы тұрмысы төмен 13 жасар оқушысын 10 мың долларға сатпақ болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

105
Комментариев
  • Қазақтың баласы says:

    Есімі белгісіз азаматқа аллах тағала жар болсын. Мойыны жуан үкіметтің жасамаған жақсылығын, жүрегінде иманы бар жомарт жандар жасауда. Осындай азаматтарымыз көп болсын.
    Үкіметіміз еліміздегі мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсете алмай отырып, дамыған елу елдің қатарына қосылмақшы…

    • Тамара Отегенова.Алматы says:

      Айналайын!!!Есiмi жасырын жiгiт!!!!!Сiзге АЛЛА нурын шашсын!!!!Козiн корiп екi колын жаксылыкка жетсiн!!!!Алла саган амандыгын берiп омiрiндi коркейтсiн!!!!Бакыт -береке берсiн!!!

  • Анонимно says:

    Алла разы болсын!

  • Анонимно says:

    осындай комек берген жомарт жандарга алла разы болсын

  • Анонимно says:

    Аллам разы болсын

  • Анонимно says:

    Бизде акимшиликтен уй тугылы кара су ала алмайсын.Кудайга шукыр адал адамдар бар екен ау омирде.

  • Анонимно says:

    Сыйлаған адамға құдайдың көзі оң болсын!

  • Анонимно says:

    нағыз Азамат!

  • Анонимно says:

    Алла разы болсын. Байларға үлгі болатын нағыз азамат екен.

  • Анонимно says:

    Жомарт кісі
    Алла қолдасын сізді
    Қол ұшын көмек бергеніңіз ге
    Көр Көп рақмет

  • Анонимно says:

    Машалла осындай азаматтар аман болсын

1 2 3 4 5 10

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар